1995 жылы Манас эпосының мыңжылдығында біраз мемлекет-тік делегациялар Бішкектен Таласқа арнайы «ЯК 40»ұшағымен шығады. Мол денелі Әбіш Кекілбаев қатар отырған Баянғалиға:
–Қолымды былай… сенің орындығыңның арқасына салып отырсам бола ма? Әйтпесе, мына орындық тарлау екен! –депті. Сонда Баянғали:
–Жұрт сіздің қолтығыңызға қалай кірерін білмей жүргенде, өзіңіз ағалық құшағыңызды жайып жатсаңыз, одан қашып мен жынды болыппын ба!?–деген екен.
Б.Әлімжанов