Бiр жолы бастықтардың бiрi Баянғалиға: «Сен бiрiншi орынға ат мiнiп, кiлем алып жүрсiң, баитын болдың ғой!» –дептi. Сонда Баянғали: «Үкiметтi жегендей болмайды екен», –дептi.
Тағы бiр әкім:«Осы сен бiр жерге барасың да,бiр-екi ауыз өлең айтып, ат мiнiп, дүние алып келесiң.
Елден алып жатсың, алып жатсың… » –дептi Баянғалиға.
«Иә, аға, екеумiз де халықтан аламыз.
Бiрақ мен жырлап аламын, сiз ұрлап аласыз!» –дептісонда ақын.
Б.Әлімжанов