Үндемей біткен жұмыс

    Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық тойында (Солтүстiк Қазақстан  облысы, 1993  ж.)өткен  айтысқа  Көкшетау  облыстық әкiмшiлiгi ресми түрде бiр жас ақынды апарыпты. Ұлы ақынның «Батыр Баян»поэмасын алаш арыстары ақталмай тұрған кезде, 1975 жылдан берi ел арасында жырлап келе жатқан Баянғалидың бұлтойдан шет қалғанына қандары қызған Көкшетаудың мәдениет саласындағы қыздары Күмiс Бiләлова мен Мағрипа Әбiлқасова Қызылжардағы мәдениет қызметкерлерi Роза Шоланова мен Сұ-лушаш  Темiрғалиқызына  хабарласады. Өңкей  қыздар  өзара келiсiп, Баянғалиды  ақындардыңтiзiмiне  ақырын  ғана  жазып жiбередi. Қызық болғанда, қосалқы құрамда барған Баянғали ай-тыста жеңiмпаз атанып, бас бәйгеге ие болып, Көкшетауға Мағжан атасының қаракер тұлпарын мiнiп келедi.

Қыздарға риза болған ақын былай деп өлең шығарыпты:

Мағрипа мен Күмiсiм,

 Роза менен Сұлушаш,

Қызмет қылып жыр үшiн

Үндемей-ақ бiтiрдi

Әкiмдердiң жұмысын!

                     Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *