Еңбекшiлдер ауданының Кеңащы ауылының әкiмшiлiгiМон-ғолиядан көшiп келген ағайындарға ерулiк бередi. Шаруашылық басшысы Қалиасқар Әйткенов әр отбасына бiр құнажын, бес қой беретiнiн айтады. Жиын соңында жұртшылық Баянғалидан өлең айтуын өтiнедi. Сонда ақын алыстан толғай келiп, сөз соңында бы-лай деген екен:
Қалеке, бұл сөзіңiз нақты ма екен,
Туыстың құлағына жақты ма екен?!
Құнажын берем дейсiз ағайынға,
Соларың биыл дұрыс қашты ма екен?!
Туысқа қамқор болдың жөн бiлгесiн,
Қалайша жөн бiлгендi ел бiлмесiн.
Қашар сиыр қай уақта бұзаулайддеп,
Артына құнажынның телмiрмесiн.
Сөзiмнiң мен барайын қысқасына
Туысты шындап жақын тұтасың ба?
Құнажын берер болсаң ағайынға,
Үстiне қосып берсейшi бұқасын да!
Ақынның бұл сөзiне отырғандар риза болады,Қалиасқар Әйтке-нұлы: «Дұрыс, қашқан мал берем», –депуәдесiн бередi.Айтқанын-дай, он үйдiң де құнажындары бұзаулап, ауыздары аққа тиген екен.
Б.Әлімжанов