Есмағамбет Ысмайыловтың 80 жылдығынаАлматыдан Көк-шетауға Тұрсынбек Кәкішев, Зейнолла Қабдолов, Қабдеш Жұма-ділов, Оралхан Бөкеев, Дәуітәлі Стамбеков, Сайлаубек Пернебаев сынды айтулы тұлғалар келеді. Щучьеауданы (қазіргі Бурабай),Мәдениет ауылында, мектепте үлкен салтанатты кеш өтеді. Үлкен ағаларымыз аталы сөз айтып, Есмағамбет Ысмайыловтың асқақ тұлғасын әспеттейді. Содан кейін ағыла сөйлеген «Қазақ әдебиеті»газетінің бас редакторы Оралхан Бөкеев мектепке үлкен құмыра сыйлайды. Концертті өлеңмен бастаған Баянғали толғап келіп:
Балалар, жақсы оқысаң толасыңдар,
Есағаңдай ғұлама боласыңдар,
Есағаңдай ғұлама болғаннан соң
Орекеңнен құмыра аласыңдар!–деп, бір күлдірген екен. Дастархан басында ақын Дәуітәлі Стамбеков ептеп қызыңқы-рап сөйлейді.
Сонда Зекең, Зейнолла Қабдолов:
–Мұхаң,Мұхтар Әуезов: «Көшелі кісі деген сөз бар!Кісініңқандай екенін білгің келсе, көшесіне қарау керек!»–деуші еді. Дәуітәлінің де көшесі бар екен, бірақ кейде шаңдатып тұрады екен!–депті әзіл-шыны аралас. Сонда сөзді іліп әкеткен Баянғали:
Қазақтың мықты ақыны Дәуітәлі,
Келмей тұрған сияқты шабыты әлі,
Шабытына шынымен мінген кезде,
Көшесі оның біраз шаңытады,
Сол кезде көшесіне кіргендердің
Әкесін Дәуітәлі танытады!–дегенде жұрт ду күліп, жадыраған Дәуітәлі жанжал шығармапты. Содан,той тарқарда облыстықмәдениет бөлімінің бастығы Күміс Мұратбекова құрметті қонақ-тарға Көкшетау фарфор заводында жасалған бір-бір үлкен,әдемі шәйнек сыйлапты.
Сонда Баянғали:
Аузынан сөз,басынан ой кетпеген,
Аман бол,ағаларым ай,беттеген.
Осы той құмырамен басталып ед,
Аяғы аяқталды шәйнекпенен! –деген екен.
Той жақсы тарап, алматылықтар аман-сау үйлеріне жетеді. Бір қызығы, қызып жүрген Дәуітәлі емес, сап-сау жүрген Сайлаубек Пернебаев сувенирін сындырып алыпты. Соны естіген ақын:
Шәйнегін сындырып ап Сайлау жездем,
Барды екен апайыма қай бетпенен!–деген екен.
Б.Әлімжанов