Баянғалидың нағашы апасы Күлмәрәнiң күйеуi Болат Қалқы-шев кезiнде облыстағы су шаруашылығына қатысты жобалау-зерттеу институтының директоры, жалпақтiлмен айтқанда,судың бастығы болған екен. Бiр күнi пенсиядағы апа-жездесi ақынның үйiне келiп, әңгiме-дүкен құрып отырғанда, жездесi үйлерiне суесептегiш қойғанын, оның тиiмдi екенiн айтады.
Сонда Баянғали:
–Бүкiл Көкшетаудың ағыл-тегiл суын емiн-еркiн билеп едiңiз, сiзге де кранның суын санатып қойған заман-ай!–деген екен.
Б.Әлімжанов