1993 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Есет Көті-барұлының 190 жылдығы тойланады. Сол тойда Баянғалимен ай-тысқан ақтөбелікақын Нұрлыбек Қалауов:«Қане, Есет пен Дәрі-байды жырлайық», –дейді. Сонда Баянғали:
Кешегі Есет пенен Дәрібайдың
Атағы әрқашанда өрлей берсін!
Шақырдың осы тойға ақындарды,
Ақындар алдарыңда тақылдады.
Есет пен Дәрібайды мақтау үшін
Алдымен мақтау керек Көтібарды!
Ақындар бөтен сөзді бастап па еді,
Қарсылас тура келсе жасқап па еді?
Білесің, мұғалімім, бір кездерде
Қазақтың зиялы бір оқығаны
Атынан Көтібардың қашпап па еді?!
Ойлаймын, талай сырым ашылар деп,
Ақындар топ алдында тасынар деп.
Мұқаңның өзі дағы қысым көріп,
Жазған ғой Көтібарды Басыбар деп!
Ақынның айтқанынан ой аңдаңдар,
Бауырлар,жамандыққа қия алмаңдар.
Айқайлап, мақтан етіп айтыңыздар,
Атынан Көтібардың ұялмаңдар!
Көтібар дұшпанына ат ойнатқан,
Ел үшін қайтпаған ғой жанған оттан.
Көтібар батырлардан біз қашпаймыз,
Сақтасын тайғақтардан, көті жоқтан!,–деген екен.Осы тойдан кейін Шалқар мен Ақтөбенің азаматтары Көтібар батыр қорын құрып, арада жеті жыл өткен соң батырдың кесенесін көтеріп, ас беріпті.Сол айтысқа арнайы шақырылған Баянғали финалдық айтыста бір сөздің орайында:
Көтібар қас дұшпанын еңіреткен,
Ел үшін қан мен терін төгіп өткен.
Аждаһадай ажалға қарсы шауып,
Қайтпаған қылышпенен зеңбіректен!–деген екен. Сонда біраз үлкен кісілер айтыстан кейін: «Апырмай, Көкше-таудың ақыны әсірелеп жіберді-ау, неше батыр болса да, қылышпен зеңбіректі қалай жеңсін?!»–десе керек. Сол кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірге оқыған досы, экономист-ғалым, профессор Үкетай Байжомартов: «Ленинградта оқып жүргенде архивтен көрдім. Патша әскерінің зеңбіректері ол кезде бес-алты допатқаннан кейін қызып кетіп, жарты сағаттай демалады екен. Көтібар батыр осыны аңдып тұрып,зеңбірек суығанша шабуыл-дап, талай рет жеңіп шыққан көрінеді. Ақын сөзінің жаны бар!» –деген екен! Ең қызығы, ақын бұл фактіні білмей айтса да,дәл айтқан!
Б.Әлімжанов