Кеңащы ауылында тұрған кезінде бір жолы Баянғали Абай де-ген жылқышы, Жамбыл деген тракторшымен жылқыға, соғым әке-луге аттанады. Шығарда інілері ақын ағаларына еркелеп, бір-екі жүз грамм ішіп алады. Қысқы далада Жамбыл тракторын бұрқы-ратып, жылқыға келеді. Абай бір айғырға қарғып мініп,шу асау жылқыларды шыр айналдыра қуып, құрықпен семіз байталды ұс-тайды. Ауылға алып келгесін, Молдабай, Серғазы, Нығмет, Нұр-сұлтан, Сабыр деген көршілері жабыла кетіп, соғымды сойып, рахаттана қуырдақ жеп отырғанда Баянғали:
–Жігіттер,бір қызық әңгіме болып тұр. Абай мен Жамбыл,Баянғали үшеуі соғымға барыпты, Абай мен Жамбыл өлең шығармайды екен,Баянғали ақын екен, Абай мен Жамбыл ішіп алыпты, Баянғали ішпепті дегенге ешкім де нанбайтын шығар?! Сөйтіп, Абай мен Жамбылдың әкеліп берген соғымын Нұрсұлтан сойып беріпті десек, тіпті қызық-ау, ә?!–деген екен.
Б.Әлімжанов