Ордабасында үш баба –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге ас бергенде Көкшетау делегациясын (облыстық кеңес төрағасы Чапай Әбутәлiпов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Күмiс Мұратбекова, Халықақыны Көкен Шәкеев,т. б.)қарсы ал-ған Шымкент облысының бір ауданының әкiмi көңiлденiп жүрiп қызып қалыпты. Дастархан басында шылымын бұрқыратып оты-рып: «Әй, ақын болсаң,өлең айт, әйтпесе,бiзде ақындар жетедi», –дептi.
Сонда Баянғали толғап келiп:
Алдында қазақ пенен қырғыздардың,
Жырласам, елдiң қолын ұрғызғанмын.
Сен түгiлi,облсовет төрағасы
Чапайды да орнынан тұрғызғанмын.
Ағамыз жағамызға жармасып тұр,
Азырақ ақылынан алжасып тұр.
Киелi үш бабаға ас бергенде,
Мас болып, шылым сасып, қисалаңдау
Қазақтың әкiмiне «жарасып»тұр!–депті. Сонда әлгi әкiм шылымын сөндiрiп, қателiгiн мойындап, кешiрiм сұраған екен.
Б.Әлімжанов