Қара қой

     90-жылдардың басында Көкшетауға шығармашылық сапармен келген Қадыр Мырзалиев облыс әкімінің орынбасары Амангелді Жақыпбековпен  бірге  Еңбекшілдер  ауданына  келеді. Ол  кезде ауылда тұратын Баянғали ағасының алдынан шығады, қонақасы дайындайды. Демалыс үйінде жайылған дастархан басында облыс, аудан басшылары, жұртшылық Қадекеңнің әңгімесін тыңдап, арқа-жарқа болады. Бірақ, қонақасының «авторы»кім екенін айтпайды. Біраздан соң Баянғалиға жыр айтқызады. Қыза-қыза, біраз толға-ған ақын сөз арасында:

Алатауданжасырған қарға бойын,

Алты Алашқа асырған заңғар ойын,

Қадырдай қадірліге құрбан болған

Менің де бақытты екен қара қойым! –деген екен.

              Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *