Ғарышкердің ақбоз аты

     Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына бір жыл толуына ар-налған айтыста(Қарағанды, 1992ж. Қазан айы)қарағандылық Дәу-лет Сатибековпен айтысып отырып,сөздің бір орайында Баянғали:

Ер едік, көп елжіреп босамайық,

Қайтадан қолдан мүсін қашамайық.

Жабыла мақтап, мақтап Президентті,

Тағы да культ личность жасамайық! –деген екен.

Келесі бір сөздің ретінде залда отырған батырға арнап Баянғали былай депті:

Қазаққа құдай өзі берген Тоқтар,

 Қайыспай қиындықты жеңген Тоқтар,

Қырандай шүйіліп кеп самолетпен,

 Үстіне кеменің дәл мінген Тоқтар.

Қазақты ұнатпайтын Москва да

Амалсыз Алтын Жұлдыз берген Тоқтар!

Содан соң батырлықпен ғарышқа ұшып,

Күнді де бір айналып келген Тоқтар,

Күн нұрын кеудесіне жиып келіп,

Шашу ғып туған елге берген Тоқтар.

Мынауың қалай-қалай мақтайды деп,

Қысылып,қыздай болып күлген Тоқтар!

Келесі күні финалдық айтыста Қабдыжәлел Сақариямен айтысып отырғанда, Тоқтар ағамызға қаратып:

Беу, Тоқа, жақсы болды тап келгенің,

Шүкір де құдай мұндай бақ бергенін.

Жарқырап жалғыз келмей, неге,ағатай,

Аппақ қып жеңгемізді ап келмедің?!

Генерал, космонавт боп алда тұрсың,

 Арманың әрқашанда айға атылсын.

Генерал түгілі,маршал боп кетсең де,

 Бәрібір жеңгеміздің солдатысың!

Сөзімді ойға салып салмақташы,

Құскөңіл қайда, қалай самғатпақшы,

Генерал,маршалдан да жеңгемізге,

Көнетін смирноға солдат жақсы!

Ақынның айтқанына нану керек,

Қиялмен әрбір іске бару керек,

 Генерал, космонавтың әйелінің

Саны да космический болу керек,

Даланы мекендеген он сан ұлттың,

Бәрінен бір-бір қатын алу керек,

Көбейтіп космонавт-қазақтарды,

Жаңадан Байқоңырды салу керек!–деген екен. Содан кейін сөздің бір орайында батырдың жанында отырған облыс әкімінің орынбасары Нұралы Бектұрғановқа қаратып, орал-ман ақын Қабдыжәлел Сақарияның тұрмыс жағдайына назарын аудара келіп:

Нұреке, Қабдыжәлелге құнажын бер,

 Және де кешіктірмей сразым бер.

Қай уақта қашар сиыр бұзаулайды,

Деп телміртпей біржола буазын бер!–деген екен. Айтыстан кейін Тоқтар Әубәкіров Баянғалиды құшақтап, ал-ғыс айтып,өз қолынан ақ боз ат мінгізіпті.

                                     Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *