Фонтамас

     Облыс әкiмiнiң орынбасары Болат Сүлейменұлы Жанәдiлов –алып тұлғалы қасқа бас кiсi. Мiнезi кең ағасына Баянғали әзiлдей бередi екен. Бiр жолы сахнада өлең айтып отырып, залда отырған Бөкеңдi көрiп қалып:

Дәрiгерсiң адам үшiн арпалысқан,

Сендей ұл сирек туар алты алаштан,

Бүгiнде парасатты әкiм болдың,

Жақсылар жан-жағыңда анталасқан.

Атқа мiнiп, дулыға киiп шықсаң,

Аумас едiң Қобыланды мен Алпамыстан,

Ал қазiр осы күйде аумай тұрсың,

Кәдiмгi кинодағы Фантомастан!–деген екен.

                           Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *