Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Ақтөбе облысында Халықаралық этнофестиваль да өткізіліпті. Алтай, хакас қайшыла-рымен бірге соған қатысқан БаянғалиӘйтеке би ауданының еңқиыр шеттегі Толыбай ауылына бара жатқанда домбырашы Аб-дулхамит Райымбергеновтен:
–Әлемнің қанша елінде күй тарттың?–деп сұрапты.
–Австралиядан басқа жердің бәрінде болдым! –депті, өзі ақ-төбелік күйші.
–Толыбайда болдың ба?–дептіақын.
–Жоқ!–дейді күйші.
Толыбайға келіп түсе бергенде, Баянғали Абдулхамитке:
Созадынағыз дарын қолын айға,
Өнердің бастамайды жолы қайда?
Әлемді аралаған Әбділхамит
Ақыры келді-ау міне Толыбайға! –деген екен.
Б.Әлімжанов