Төле бабам — дана бабам

(Төле бидің 350 жылдығына)
 
Жасынан-ақ қара қылды қақ жарып,
Ел ішінде бала би боп атанды.
Шешіміне дос-дұшпаны таң қалып,
Ақылымен қорғады әз Отанды.
Кесімі де дайым-дайым тас кесті,
Ол жаққа да, бұл жаққа да аумады.
Әрбір сөзі гүлдей жайнап, тас та өсті,
Семсер тілмен дұшпанды да жаулады.
Пірдей болып ұрпақтарға әруағы,
Билердің де дана биі аталды.
Басын иіп сөздеріне жан-жағы,
Қанша жандар үмітпенен бата алды.
Шешендіктің бар өнерін шыңдады,
Үлкен менен кішіні де тыңдады.
Қуат кетіп, жасы өтіп қалса да,
Елі үшін еңбектенді, тынбады.
Әрбір сөзі өлеңменен өрілді,
Ақылымен шешім айтты, қызбады.
Бір өмірге бір Аллаға берілді,
Қарлығаштың ұясын да бұзбады.
Ұлы баба, әділдігің – ұраның,
Қолда болды бір өмірге құраның.
Дайым саған арналады жыр-әнім,
Әруағыңа арқа сүйеп тұрамын.
О жарықтық, қасиетті, киелім,
Мен өзіңді елмен бірге сүйемін.
Әрқашан да дұға оқып өзіңе,
Әруағыңа көппенен бас иемін.
 
Ақшагүл Төлегенова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *