Тәуелсіздік тынысы

Беловежья шешімі шегеленді,
Одақ тарқап, ел болдық егеменді.
Ата-мұра, мирасқа иелік қып,
Егемен ел еншісін иеленді.
Сынбағанмен әділет иіледі,
Кезінде жатқа тізгін тиіп еді.
Тәуелсіздік жолында талай ерлер,
Шаһит боп, шыбын жанын қиып еді.
Тәуелсіздік тынысын ел біледі,
Туымыз көгімізде желбіреді.
Әнұраным халқыма жігер беріп,
Елтаңбам елдігімді білдіреді.
Қастерлеп әдет-ғұрып, салтымызды,
Ізгілікке бастаған халқымызды.
Елбасыма Құдайым қуат беріп,
Жаман көзден сақтағай жалпы бізді.
Незізін қалап жарқын келешектің,
Халқым-ау,
Қажымастан еңбек еттің!
Кездессең де келеңсіз кезеңдерге,
Жол тауып, сүрінбестен сыннан өттің.
Өркениет сырларын үйренейік!
Жағымсыз жат қылықтан жиренейік!
Тұңғиықтың түбіне терең бойлап,
Ғылымның қырын-сырын игерейік!
Кебін киіп, елінен безген ердің,
Жүрмейік жетегінде өзгелердің!
Заманның қарқынынан кейін қалмай,
Тең түссін тереземіз өзгелермен

Төребай Сәрсенбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *