Ертеректе бір топ жас ақын түнделетіп бір ағаларының үйіне келеді. Үй иесі құрақ ұшып, шөлмегін шығарып, әйелі қалған күрішін жылытып, шай береді.Сонда ақындардың бірі әзілдеп.
Жеңеше, көп рахмет күрішіңе,
Жарады күрішің де бір ісіңе, –дей бергенде, Баянғали:
Күріштен артық қандай ырыс керек,
Қаңғып жүрген кісіге түн ішінде!–деген екен.
Б.Әлімжанов