Жасыл қырлардың жазира төсінде,
Бас қойып мәңгіге жатқым келеді.
Масайрап жайқалған бәйшешектерді,
Аралап өлеңдер жазғым келеді.
Қолымды тигізбей, көздерімменен,
Қып-қызыл лалалар тергім келеді.
Алдымда құлпырып тұрса табиғат,
Оларға барымды бергім келеді.
Бейнетті тірліктен біраз арыда,
Сұлулық әніне салғым келеді.
Таулардың сиқырлы құшағында,
Бір уақ масайрап қалғым келеді
Абдулла Рүстемов