Сәлем беру

Бір күні Баянғали баласы Нұрланменбірге Степнякқа келеді. Аэрофлот кассасының алдында аудан әкімінің орынбасары Сан-сызбай Балтабеков пен облыстық мәдениет басқармасының бастығы Күміс Мұратбекова кездесіп қалады. Ақын олармен амандаса-ды. 7-8 жасар Нұрлан Сансызбайға қосқолдап сәлем береді де, Күміске сәлем бермейді.

 –Тәтеңе неге сәлем бермейсің? –дейді Баянғали. Сонда кіш-кентай Нұрлан:

–Өй, ол қатын ғой! –депті, шынымен таңғалып. Әйелге қол бермейтін қазақ салтын ұстанған ауыл баласының қылығына бас-тықтар әбден күлген екен.

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *