Суырып салу

   Осы заманның Балуан Шолағы, жылқышы Өзаман Исатаев ту-ралы  деректi  фильмге  материал  жинауға  Жаңарқаға  барғанда, Баянғали Сәкен Сейфуллин атындағы совхозда механизатор, спорт шеберi Ғазиздiң үйiнде өңкей балуандармен бiрге қонақта болады. Ойнап-күлiп, қонақтардың  арқайсына  өлең  шығарып  отырады. Бiраздан соң сыртқа шықпақ болып, аяқ-киiмiнiң бауын байлап жатқан ақынға үйиесiнiң зайыбы: «Қайным-ау, жұрттың бәрiне суырып шығарып жатырсың, бiзге де суырып шығармайсың ба?» –дептіәзiлдеп. Сонда Баянғали:

Суырып салуға мен ойланбағам,

Өкпелеп қалмас па екен қайран ағам?

Суыр-суыр дейсiң де еш қоймайсың, Жеңеше-ау, суырғанда қайда салам?–деген екен.

                 Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *