Спесік пен көп тесік

      Қазақтың құрылтайында айтысуға шақырылған Баянғалиды ең соңғы сәтте тiзiмнен сызып тастаса керек. Сөйтiп, бұл айтысқа шықпай қалған Баянғали былай деген екен:

Ешкiммен жүрмесем де өштесiп мен,

Кей-кейде өтпей қалам көп тесiктен.

Құрылтай айтысына шыға алмадым,

Бiр дөкей сызып тастап спесiктен!

Жүрсек те бабалардың iзiменен,

Халықты алалама жүзiменен.

Үкiмет спесiктен сызса дағы,

Халқымның сызылмайын тiзiмiнен!

                                   Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *