Баянғалидың машинасына байғазы деп құдасы Қаскей коньяк сыйлап, етжеңдi, мол денелi Сапура құдағиы ром берген екен. Оның күйеуi, шағын денелi Қазез құдасы осыларды iшiп жуайық дептi. Оған Баянғали:
Құдағи ром берiп ед лайық көрiп,
Қалмасын бұл сөзiмдi айып көрiп,
Қазеке, осы ромды неғыласыз,
Қызылсары құдағи ром емес пе?
Сора бер болпылдатып, кәйiп болып,
Құдағи ұйқысырап аунап кетсе,
Бiр күнi кете көрме майып болып!
Ал, құда, таласуың жөн бола ма,
Сапураана болған он балаға.
Сары алтындай он бала тауып берген
Сапурадан артық сiзге ром бола ма?–деген екен.
Б.Әлімжанов