Баянғалидың курстас досы Масат Беріков –«НұрОтан»пар-тиясының Жамбыл облыстықбөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары. Студент кезінде шындық үшін КазГУ-дің мұғалімде-рімендауласып қалады екен. Әсіресе, Брежнев награда алған сай-ын, маршал атағын алғанда: «Осындай өтіріктің қажеті не?!» –депсұрақ қояды. Мұғалімдер оның бәрін дұрыс, халыққа керек деп түсіндіріп бағады. «Қажеті жоқ!» деп, қаны қайнаған Масат кейде жатақхананың үлкен шыны әйнектерін шағып тастайды екен. Бір жолы ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский келгенде қарсы алыпты. Келесіде Ржев маңында қаза болғанжамбылдықтарға Та-раз қаласында ескерткіш қоюға демеуші болып, дауға да қалады. Сөйтіп жүріп,көптен хабарласпай кеткен досына Баянғали былай деп СМС жазып жіберіпті:
Аталы жерде ержеткен,
Атағы шыққан Ржевтен,
Шыныдан маржан шаштырып,
Шырылдап шындық іздеткен,
Жаныстан шыққан жолбарыс
Жириновскиймен жүздеткен,
Масатжан,аман-саумысың,
Хабар-ошарсыз мол кеткен!
Хатты алысымен, Масат телефон соғыпты.
Б.Әлімжанов