Ақын Әбубәкір Қайранов Алматыда пропискаға тұра алмай қиналып жүргенде, Жұматай Жақыпбаев оны өз үйіне тіркетіп ал-мақшы болады. Әй деп, бүй деп жүргенде,реті келіңкіремей біраз уақыт өтіп кетсе керек. Бір қызу басқосуда өңшең жазба ақындар Баянғалиға өлең айтқызады. Сонда сөздің бір ыңғайында Жұмекеңе:
Ертеңгі бас жазарың қамдандырып,
Жүргенше мыннан жұлып, аннан жұлып,
Әбішті шынымененінім десең,
Үйіңе алмайсың ба заңдандырып!–деген екен. Жұмекең күліп жіберіп:«Болады, болады!»–дей беріпті.
Б.Әлімжанов