Баянғали Көкшетауда біраз жыл әнші, сазгер Иран Ильяшев-пен тоғыз қабатты үйде көрші тұрыпты. Қаланың жағдайы белгілі, көршілердің өзі бірін-бірі біле бермейді ғой. Бір күні Ақмола облысының үлкен делегациясыОмбы облысына достық сапармен барады. Оның құрамында Баянғали да, Иран да бар екен. Омбыда кездесіп қалған ағасына Баянғали:
Көрші боп,
Ирекеңмен оңды болды,
Кездесетін жеріміз Омбы болды! –деген екен.
Б.Әлімжанов