Жазушылар одағының үйінде ақын Иранбек Оразбаев жанынан сәлем беріп өте берген Баянғалиға:
–Өй, жаман жиен!–депті.
–Нағашыма тартқам! –деп, кете беріпті Баянғали.
Иранбек оны тосып тұрып, қайта өте бергенінде:
–Өй, жақсы жиен!–депті.
–Әкеме тартқам! –депті Баянғали.
Ирекең күліп:
–Әй, мен сені бұдан былай әкесіне де, шешесіне де тартқан жақсы жиен деймін!–деген екен. Олай дейтіні, Иранбек Оразбаев –Қылды Қарауыл, заманындааталары Кенесары қолымен бірге аттанып, Сыр бойын мекендеп қалыпты.
Б.Әлімжанов