Ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдығында Баянғали «Көк-шетау правдасы»газетiнiң қызметкерi, ақын, жыршы ағасы Жұма-бай Есекеевпен айтысады (той 1990 жылдыңжелтоқсанында Чис-тополье ауданында, Қырымбетте болды). Сөздiң бiр ретi келгенде Баянғали ағасына: «Қазақтың мәдениетi мен тiлiне қатысты шара-ларға обкомың неге тарылады? Қалалық дөкейлер ауылдың жағ-дайына неге көңіл бөлмейдi?»–дей келiп:
Қалалар ауылдарды көп басынды,
Жердi ұмытып, асқақтап,көкке асылды,
Ауылым ауызыңа ас салмаса,
Нан қылып шайнар ма едiң көк тасыңды!–дегенде, Жұмекең iнiсiнiң сөзiн «дұрыс»деп құптаған екен.
Б.Әлімжанов