Сыбызғы желге аққулар сыңсып қосты үнін,
Тегі бір халық, қазақ пен өзбек дос бүгін.
Серттескен күнге 15 жыл толды, бауырлар
Көктегі күндей, мәңгілік тұрсын достығың.
Шежіре-сырды жасырып бізден құба бел,
Дүбірлеп өтті-ау, төсіңде тұлпар Құлагер.
Ғасырлар салған достыққа өзің куәгер,
Көненің көзі, Меккенің өзі, Тұран ел.
Адалдық – асыл, зұлымдық – жауыз қырқысқан,
Көгіңде қалқып, сезімдей – аппақ бұлт ұшқан.
Қазбек биім, Яссауи бабам бауырыңда
Менің де елім, сенің де елің Түркістан
Түйсіксіз жанның келмейді, сірә, сенгісі,
Төлеби бабам, шынайы достық белгісі.
Нұрата тауда жатырсың, абыз Әйтекем,
Қастерлеп жүрген Арыстан бабпен тең кісі.
Ізгілік жолын жалғадың Ғафур, Мұхтарым,
Түсінер халқым, достықта бақыт, құт барын.
Мәңгілік достық, туысқан елдің сенімі,
Ақылың – дария Елбасшыларым құптадың.
Болат қАзБЕКоВ,
Науай облысы