Мұхаң біледі ғой

      Ақын Қорғанбек Аманжоловтың елу жылдығына келген Мақ-тай Сағдиев оған шапан жауып, Мұхтар Мағауинөзінің он үш томдық шығармалар жинағын сыйға тартыпты. Тойда досын құт-тықтап өлең айтқан Баянғали Қорғанбекті мақтап-мақтап:

Тойыңа Мақаң менен Мұхаң келсе,

Қореке, онша жаман болмағаның!–депбір күлдіріпті.

Үзілісте Қорғанбек:

–Мұхаң көп ешкімге кітабын сыйлай бермейді ғой! Елу жыл-дығымда он үш том шығармаларын сыйлағаны жайдан жай емес қой! Сенде бар ма еді?!–депкүпілдепті.

–Жоқ!–депті Баянғали.

 –Е-е, Мұхаң біледі ғой кімге беру керек екенін!–деп

Қорекең одан сайын желпініп қойыпты.

Содан, бұлар Мұхтар ағаларын ортаға алып,әңгімесін тыңдап тұрады. Сөзден сөз шығып, әңгіме Мұхаңның айтысыпжүрген адамдарына ауысады. –Мен емес,өздері ғой тиісетін. Содан кейін, шындық үшін сыбағаларын беруге тура келеді!–депті Мұхаң.

 Сонда Баянғали:

–Аға,ұлы жазушы басыңызбен еңбегіңізге татымайтын кісі-лермен тартысыпқайтесіз?! –деген екен. Мұхаң күліп жіберіп:–Ертең «Жұлдызға»келіп,ала ғой! Он үш томдықты сыйла-дым саған!–депті. Сонда Баянғали:

–Мұхаңның он үштомын елуге келмей-ақ алдық қой!Мұхаң біледі ғой, кімге қашан сыйлауды!–деген екен жанында тұрған Қорғанбекке.

                 Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *