«Жұлдыз»журналына Баянғалидың «Қиқыматтың қиссасы»атты повесi шыққанда журналист Кәрiбай Мұсырманов ақынның үйiне телефон соғып, құттықтапты. Ол кезде Баянғали «Көкшетау правдасы»газетiнiң меншiктi тiлшiсi, ал Кәрiбай газеттiң ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң меңгерушiсi болса керек. Тағы да жұмыс бабымен мазалап, мақала сұрайды-ау деген iнiсiнiң жүрекжардыжылы сөздерiне разы боп кеткен ақын:
Айналдым, Кәрiбайым Мұсырманов,
Бұл дағы достық қолды ұсынғандық.
Келгелi Көкшетауға Алматыдан
Көрдiм-ау сенен тұңғыш мұсылмандық!–деген екен.
Б.Әлімжанов