Мүмкін сенің

Ерекше емес сияқты едің ешкімнен,
Мүмкін сенің қасиетіңді кеш білгем.
Көптің бірі деп жүргенмен бұл күнде
Өзіңді ойлап өзгеше күй кештім мен.
Жаның неткен терең еді, тұнғиық.
Жанарыңда мың түрлі сыр, мың күйік.
Сол мың күйік тербеп жатыр мені де,
Жүрегіме қойғандайсың жыр құйып.
Әлде доссың, әлде жансың жанашыр,
Айыра алмай қалам кейде арасын.
Кейде мына сұмдық ойдан селк етем,
Мүмкін менің қиялымда ғанасың.
 
Зәкида Құбашева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *