Көкшетаудағы қазақ театрының директоры Мұратбек Оспанов зайыбы Айжан Бәдiрқызы екеуi Кеңащыға арнайы келiп, Баянға-лиға: «Ата-анаңызды атқардыңыз, ендi қалаға, Көкшетауға көшiңiз! Театрда өнерпаздар ортасында болыңыз!» –деп, тiлек бiлдiрiп, 1998 жылдың жазында Көкшетауға көшiрiп әкелiптi. Театр қызметкерлерiне тұрғын үй ретiнде бөлiнген «Самал»балабақшасынан үлкен пәтер берiптi. Алғашқы кезде ол үй жайлы болғанымен, кейiн жылу мен жарықтан таршылық бола бастапты. Бiр күнi Экология министрi Серiкбек Дәукеев театрға келiп, Баян-ғали мен Мұратбектiң «Құдалық»спектаклiн көрiп, риза болады. Театрдыңмұң-мұқтажына бейтарап қалмай, жанашырлық таныт-қан министр үй мәселесiн 1999 жылдың 1сәуiрiне дейiн шешуге көмектесетiнiн айтады. Бiрақ, қысқа дейiн ретi келмептi. Бұл кезде тұрғын үйге лайықталмаған балабақшада бiраз қиындық көрген театр қызметкерлерi бет-бетiне көшiп кетуге мәжбүр болады. Олар кетiсiмен маңайдағы жұрт балабақшаны дымын қалдырмай бұзып алады. Iс жүзiнде үйсiз қалған Баянғали уақытша балдызының үйiнде тұра бередi. Сөйтiп жүргенде министр 1999 жылы 25 қара-шада театрға келедi. Сөздiң бiр орайы келгенде, ақын министрге былай дептi:
Дәу министр Дәукеев,
Еңбегi оның көп түрлi,
Интеллектуал –зиялы,
Меңгерген жетiк шет тiлдi.
Тоқтар батыр екеуi
Протонға қарсы шеп құрды,
Ала жаздай алысты
Жеңемiн деп гептилдi,
Театрға сәуiрде
Үй беремiн деп тұрды,
Сүмбiлеге дейiн сандалтып,
Әдемi сөзбен ағамыз
Iшiмiздi кептiрдi,
Секеңе сенген Байекең
Жиырма бiрiншi ғасырға
Баспанасыз кеп кiрдi!
Бұл сөзге күлiп жiберген министр: «Жоқ, жиырма бiрiншi ға-сырға дейiн болады!» –дептi. Айтқанындай, Мұратбек Оспанов арқылы 30 желтоқсан күнi ақынның жаңа үй алуына жағдай жаса-ған екен.
Б.Әлімжанов