Жерің жайнап, гүлдер қауыз ашады,
Мөлдір аспаныңда құстар ұшады.
Кең далаңа көктем иісін шашады,
Сұлулық мекені – менің ауылым.
Таңдарың рауандар қырмызы реңде,
Сыпайы шырай бар жомарт далаңда.
Еңбектің зауқы бар жас пен кәріңде,
Бақ-ырысқа мекен – менің ауылым.
Жайнаған көктем ғой жастық мезгілі,
Қойныңда кемелге жеттім негізі.
Біз ұлы бабалардың ең ізгі ізі,
Киелі мекенсің, менің ауылым.
Абдулла Рүстемов