Мент пен молда

     Бір ауылдың молдасы зират басында жұртшылыққа дауыс кө-теріп, өйтіңдер-бүйтіңдердеп ұрсып, берекені алыпты. Ауылға келгесін, ас үстінде әлгі молдадан:

–Аға, дін жолына түскенше,қандай жұмыс істедіңіз?–деп  сұрапты Баянғали.

–Шопыр болдым, милицияда істедім,–дептімолда.

 –Е-е, бәсе,көрініп тұр… Ол кезде бір жартыны қағып алып, біреу-міреуге ашулансаңыз,монтировканы да жіберіп қалған шы-ғарсыз?

–Болды ғой енді жастықта! Құдай таупих берді, қойдық бәрін!

–Иә, қойғаныңыз жөн… Монтировка мен ментовский «мето-дыңыз»молдалық жолға жараса қоймас, –деген екен ақын.

                          Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *