Көктемді сағынып күткен күйімсің,
Сұлулық бойына біткен ойымсың.
Тағдырдың түнінде шыққан айымсың,
Махаббат – сен менің мәңгі жырымсың.
Табынып кейде мен налып жасыймын,
Қайғыдан бақыт ап бір уақ тасыймын.
Ғашықтық өртіне от болып жағылдым,
Махаббат – сен менің мәңгі жырымсың.
Кейде өзім қуырылып, өзім күйемін,
Михнат-азабыңнан да зауық түйемін.
Білерім, мен сені соншама сүйемін,
Махаббат – сен менің мәңгі жырымсың.
Абдулла Рүстемов