Жамбылдың 150 жылдығына арналған Халықаралық жыршылар конкурсында қырғызстандық дүлдүл манасшы Назарқұл Сейдрахмановтан Баянғали:
–Осы қырғызда Манасты айтатын адам мыңнан бiреу шыға ма?–депсұрапты.
–Оба! (Иә!)–депті Назарқұл. Сонда Баянғали:
–Ал мен он миллион қазақтан бiреумiн ғой!–дегенде, риза болып кеткен Назарқұл ағасы құшақтай алып, «Азамат!»деп, ар-қасынан қаққан екен. Арада жиырма жылдай уақыт өткенде, осы әңгімені естіген қырғыз манасшысы,манасшылар қоғамының төрағасы Рысбай Исақов Бішкекте өткен манасшылардың 1-халықаралық фестивалінде: «Баянғали аға, сіз жер бетіндегі қырғыздан басқа алты миллиард адамзаттан шыққан жалғыз манасшы емессіз бе?!» –деген екен.
Б.Әлімжанов