Толтырып ауламызды ерке үнімен,
Қарлығаш қайта оралды төркінінен,
Көктемде көкте мөлдір жүзсем дей ме,
Ақшабақ атылады көл түбінен.
Төменде сақылдап кеп, бұлақ күлді,
Серуеннен қыздар қайтты гүл ап түрлі.
Көңілін соның бәрі босатқандай,
Елжіреп көктем шіркін жылап тұрды.
Сәкен Иманасов