Монғолиядағы қазақтар Қазақстанға алғаш көшкен жылы Еңбекшiлдер ауданына келетiн үйлердi алып келуге барған керуендi аудандық еңбекке орналастыру, көшiп-қону мекемесiнiң бастығы, журналист Орынбай Шайкенов бастаған екен. Дәл сол кезде «Кеңащының»директоры Қалиасқар Әйткенов ауырып қа-лып, совхозға келуге тиiстi он үйдi әкелуге машина болмай қалып-ты. Содан Баянғали кiрiсiп, Орынбайға мән-жайды түсiндiрген соң, ол кiсi: «Осы барған машиналарға сыйғызып ала келемiн» –
дептi. Айтқанындай, келетiн үйлердiң ешқайсысын қалдырмай алып келiптi. Келген соң, «Әй, балдыз, мына туыстарыңды әкелемiн деп әбден қалжырадым! Қалиасқар екеуiң шалқайып үйде жатырсыңдар, ал мен жүгiрiп жүрмiн», –дептi.Сонда ақын былай деген екен:
Монғолға сапар шегiп дабылдадың,
Ретi бар оны әйгiлеп, дарылдаудың,
Керейдiңкөшiн сүйреп, күйеу бала,
Өтедiң бiр ширегiн қалың малдың.
Қалжырасаң апамның қолтығына
Кiрiп алып екi-үш ай дамылдағын!
Б.Әлімжанов