Ұлағатты ұстаз, ғалым, балалар жазушысы Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы Балуан ауылының орта мектебіне есімі беріліп, той жасалады. Осынау игілікті шараға ұйтқы болып жүрген «Алаш»партиясының төраға-сы, Көкшетау университетінің ректоры Жанат Қасымов пен оның жары,Сейтекеңнің қызы Гүлнәрдің еңбегіне ел разы болады. Кезінде Сейтекең өзінің қайнағасы, қазақтың үлкен ақыны, колчак-шылардың қолынан 21 жасында қыршын кеткен Баймағамбет Із-төлиннің шығармаларын жинап,сақтап, зерттеп, жарыққа шығаруға көп еңбек сіңірген. Ақсақалдың көзін көріп,сыйлас болған Баянғали тойда айтқан арнауында осының бәрін түйіндей келіп:
Нұр шашып шәкірттердің санасына,
Жол тартып алыстағы Алашынан,
Жырларынқайнағасы Ізтөлиннің,
Өрттің де алып шыққан арасынан,
Сейтеннің атасына жасағанын,
Қайтарды құдай күйеу баласынан!–деген екен.
Б.Әлімжанов