Бір күні Баянғали «Ана тілі»газетінің бас редакторы, жазушы Самат Ибраимға телефон соғып, редакцияға жолдаған өлеңдерінің жайын сұрайды. Сонда Самат:
–Өлеңдеріңізді басамыз! Бірақ, Абылай ханның 300 жылдық тойында, Көкшетау мәдениет сарайында бір амандастым, иппод-ромдағы салтанат кезінде тағы бір амандастым! Сәлем алғаныңыз-бен, мені танымағаныңыз қалай?!–депті. Сонда,талай өлең-жырларын жариялап жүрген, дос көңіл замандасына Баянғали:
–Апырмай, қызық болған екен!
Көрмегелі көп болды ғой!
Не мен алжиын деген шығармын, не сен қатты өзгеріп кеткен шығар-сың! –деген екен.
Б.Әлімжанов