Шұбыртпалы Ағыбай батырдың 190 жылдығында Баянғали жезқазғандық ақын Қуаныш Мақсұтовпен айтысады. Ол сөзін «тентек сарымын»деп бастаған екен. Сонда Баянғали:
Қалай деп мақтанады мына сары,
Өзіне бұлай деген жарасады,
Бір кезде сары болу моды болған,
Ұмтылған сарылыққа жұрттың бәрі.
Мақтанып керегі не сарымын деп,
Дариға-ай, болмаған соң Кенесары!–деген екен.
Б.Әлімжанов