Кемпір-шалға әзіл

     Әртіс Сафуан Шәймерденовтың әкесі Рысбай ақсақал Алматы-дан Көкшетауға келеді. Театр директоры Мұратбек Оспановтың үйінде бір той болып, үлкен-кішілер бас қосады. Сонда өлең айт-қан Баянғали құрдасы Күлпаштың шешесімен Мұратбектің әкесі Үкібай, Рысбай ақсақалдарға әзілдеп былай деген екен:

Беу, апа, шал қылсаңыз Ырысбайды,

Қорада бар шаруаңды тыныштайды,

 Қалтаңа пенсиясын салып беріп,

Қай жаққа жұмсадың деп ұрыспайды,

 Қойыңды кешке дейін бағып-бағып,

Кешке таман өзіңді дұрыстайды!–депті. Сәлден соң ойланып кеткен апамызға тағы да әзілдеп:

Апамыз көзімен жер шұқылайды,

 Үндемей, іштей ғана аһылайды,

Кім білсін, Ырекеңе көңлі соқпай,

Көздей ме тау тұлғалы Үкібайды!?–деп бір күлдірген екен.

               Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *