Бiр жолы бiреулер Баянғалиға:«Екi әйел алу туралы заңға қа-лай қарайсыз?» –деп, сұрақ қойыпты. Сонда ақын әзiл-шыны аралас былай деген екен:
Кесiр сөз кiмге керек бас қатырған?
Кесектей қараңғыда босқа атылған,
Ешқандай зәкөнiңе қарамастан,
Еншалла, төрт балам бар қос қатыннан!
Алматыда бiреуi,
Балдарымды бағып жүр,
Балалар да шүкiрлiк,
Шетелге де барып жүр,
Озып жүлде алып жүр,
Көкшетауда бiреуi,
Әкем менен шешемдi
Төсек тартып қалғанда,
Мәпелеп қолдан атқарып,
Отымды түзу жағып жүр,
Ортасында солардың
Өлең айтып Байекең
Ел аралап шауып жүр.
Б.Әлімжанов