Жүрегімдегі есім

Жүрегімде жатталған есім,
Айта алмаймын айқайлап бірақ.
Бәрін-бәрін өзің білесің,
Бара алмаймын халіңді сұрап.
Жүрегімде жатталған есім,
Қайталаймын іштей мың рет.
Тоқтатпайды сезім күресін,
Бұл не деген ғажап құдырет.
Жүрегімде жатталған есім,
Нәзік сырым-нәзік тілегім.
Саған деген сырым үлесін,
Өлең етіп жазып жүремін.
Жүрегімде жатталған есім,
Сенің атың – мәңгілік дұғам.
Қайда жүрсең (өзің білесің),
Өлмес жыр боп жаңғырып тұрам.
Жүрегімде жатталған есім,
Қайталаймын іштей атыңды.
Сен іштей өзің білесің,
Саған деген махаббатымды
 
Ақшагүл Төлегенова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *