Тассуда тұратын Қайыр деген малшы бiр дөкей өгiзiн сатайын десе, алушы таппай қиналады. Баянғалидың Ұғыш деген жездесi: «Өгiзiңдi банкир бажам Талғатқа өткiзiп беремiн, ол мал iздеп жүрген», –деп, Қайырдыңмашинасын тегiн мiнiп, Степнякқа бiрнеше рет келiп, баласы Шегейдiң үйiне оны-мұныларын жеткiзiп тастайды. Бiр жағынан Талғатпенсөйлесiп, малды алатын болып уәделеседi. Уәделескен уағында Талғаттың үйiне келсе, ол айнып, Қайрат пен Майкенiң малын алатын болғанын айтады. Бiраз дауласып-дауласып, сабаларына түскесiн, сол үйде отырған Баянғалиға Ұғыш жездесi: «Осыған бiрдеңе айтпайсың ба?» –дептіжай отыр-май. Сонда Баянғали домбыраны алып:
Жездемiз Ұғыш молда жөнiн бiлген,
Банкирге делдал болып келiп жүрген,
Қайырдың машинасын тегiн мiнiп,
Степняк –Тассулатып желiп жүрген.
Талғатқа өгiзiңдi өткiзем деп
Өзiнiң жұмысына жегiп жүрген.
Талғатжан уәдесiнен айнып кетiп,
Қайрекең алданғанын ендi бiлген.
Қайреке-ай, өзiңде де бар-ау ендi,
Молда менен банкирге сенiп жүрген,
Қайтейiн, қазағымның малшылары-ай,
Малыңды жөнiменен өткiзе алмай
Алданып, әркiмге жем болып жүрген!–деген екен!
Б.Әлімжанов