Жақсы ат қалдырып кет

Тоқтамай өмір деген өтер екен,
Жастық шақ, алтын дәуір кетер екен.
Жыл жылжып егде жасқа келгеннен соң,
Артыңа бір қайрылу парыз екен.
Адам қанша жасарын білер ме екен,
Әр нәрсеге уанып бос күлер ме екен.
Уақыт жетіп бұл фәниден кеткеннен соң,
Артында бір жақсы ат қалар ма екен?
Уақыт сынап, жастарым, қадіріне жет,
Оқы, үйрен, ізгі іс тындырып кет.
Үлгі етер кейінгіге шынайы мұра болсын,
Бұл өмірде жақсы ат қалдырып кет.
 
Абдулла Рүстемов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *