Жаныңды ұғу

Көзіңнен көрдім,
Жасындай отты ceзімді,
Еске алдым сосын албырттау жастық кезімді,
Адасқан жандай шілденің ыстық күнінде,
Кенезем кеуіп,
Шөліркегенім сезілді.
Құпия сезім, құпия ғұмыр –
Тас мекен.
Жанарыңдағы мөлдіреп тұрған,
Жас па екен?
Сыйластың жөні, қимастың жөні бip бөлек,
Жаныңды ұғу басқа екен, қарғам, басқа екен.
Отырмын жалғыз,
Қараңғы түнде көз ілмей,
Жылжиды уақыт маған да, саған да сезілмей.
Жымыңдап көктен, көз қысып тұрған жұлдыздар,
Сағыныш толы, қап-қара сенің көзіңдей
Өмірді қимай, жапырақ жатыр үзіліп,

Мекенін қимай, құстар да кeтті-ay тізіліп.

Еліңді қимай, қоштасып сен де барасың

Жүруші едің, жырымды жаттап ұғынып


Болат Қазбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *