Жаға мынау бұрынғыша
Құлпырып тұр бүрленіп тал.
Аппақ айдың нұрын құша,
Есіңде ме жүрген ықтар?!
Көл де мынау, бұрынғыша,
Қала берем шалқып бір сәт.
Аппақ айдың нұрын құша,
Жағасында балқып тұрсақ.
Осы көл ғой бәрімізді,
Жақсы күнге асықтырған
Осы көлдей жанымызды
Жақсыларға ғашық қылған.
Аралтөбе – бір байтақ-ақ,
Сан қызықтап бардық аңсап,
Есіңде ме жыр қайталап,
Құшақтаса қалқыған шақ.
Ақ дариға, аппақ ару,
Арнаушы ем ғой жырымды ұдай,
Аралтөбе жаққа бару,
Басталар ма бұрынғыдай?
Сәкен Иманасов