Әу бастан-ақ,
Ұласқан кең даласы,
Алыс емес туысқан ел арасы.
Бір-біріне,
Болат Қазбеков
Қонақ боп араласқан,
Қазақ-өзбек іргелес шекарасы.
Тәуелсіздік –
Таңы атып нұрлы міне.
Еркін ашық бұл күні түндігі де.
Талай халық тамсанып таңдай қағар,
Қос халықтың ынтымақ, бірлігіне.
Бірін-бірі мақұлдап кеңесінде,
Дос-туыстық орнаған ел ішінде.
Нақ 15 жыл,
Дәл биыл толып отыр,
Мемлекетаралық келісімге.
Ел ағалар,
Тартқалы елдің көшін,
Кең тыныстап,
Жинады ел бір есін.
Бір жағадан бас шығып,
Бір жеңнен қол,
Достық туы ортада желбіресін.
Болат Қазбеков