Домбыра

Шерттім ішегін үкілі домбыраның,
Көрінді көзіндей боп мол мұраның.
Мың бір түрлі әуен мен асыл күйді,
Ойнатып жүрегіңе қондырамын.
Күй мен жыр ғой халқымның қазынасы,
Домбырасыз өтпеген тойы, асы.
Ұмыттырған қайғыны, ашуды да,
Күй төгіліп тыйылған көздің жасы.
Орындалса әсем күй, сазыменен,
Қазақта ынтық кәрі-жасыменен.
Қос шегіне арманды сыйғыза алсам,
Елтиді дала, тау да тасыменен!

Алмагүл ОҢАЕВА,
Бұхара облысы,
Ғыждуан ауданы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *