Бақытым бол аңсаған,
Жан, көркіңе тамсанам.
Сені ойлаған сәттерде,
Шат күлкіңді аңсағам.
Ақша бұлттар көшкенде,
Көңіл жел боп өскенде.
Есіл жүрек жырлайды,
Есіме сен түскенде.
«Бақытым» деп таңдағам,
«Арманым» деп аңсағам,
Аяулымсың сен менің,
Саған арнап ән салам.
Көздеріңе қарап ем,
Қайғы-мұңға толы екен.
Таба алмадым дауа, ем,
Махаббаттың жолы екен.
Алмагүл ОҢАЕВА,
Бұхара облысы,
Ғыждуан ауданы